Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Бұқар жырау ауданына қарасты Тегісжол елдімекенінде болып, Мұрат ата мешітінің діни ахуалымен танысты.
Қызметтік сапар барысында мешіт имамы Сәкен Мүкеев құлшылық үйінің атқарып жатқан іс-шаралары мен шаруашылық жұмыстарын баяндап өтті. Сондай-ақ, облыс бас имамы аймақтың рухани білім ордасы саналатын мешіт жанындағы медресенің тынысымен танысты. Оқу сыныптары мен шәкірттердің жатақханасын аралап, медресе ұжымының атқарып жатқан істеріне ризашылығын білдірді.
Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы сауат ашу орталығына байланысты өз ұсыныстарын жеткізіп, сауапты іс атқарып жүрген мешіт пен медресе қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер