Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Балқашта тәуелсіздік күніне орай шығармашылық сайыс өтті
12 желтоқсан, 2022 жыл 343 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық мешітінде  тәуелсіздік күніне орай жас жеткіншектер арасында «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз » атты шығармашылық байқауы өтті.

Шараның басты мақсаты жас жеткіншектерді отансүйгіштікке, елі мен жерін сыйлайтын ұлтжандылыққа баулу.

Сайыста отыз бес бала бақ сынасып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін сынға салды.

Байқау тартысты өтіп, сайыс соңында  жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар атанған бірінші орын иегеріне 40 000  теңге, кезекті екінші орын жүлдегеріне 30 000 теңге және үшінші орын иегеріне 20 000 теңге қаражат табысталды. Сондай-ақ, басқа да қатысушыларға 10 000 теңге ынталандыру сыйлығы беріліп, арнайы алғыс хат табысталды.  

Сайыс соңында Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат байқауға қатысып,  шығармашылық қырларынан өнер көрсеткен балаларға өзінің алғысын білдіріп, батасын берді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары