Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Шет ауданының әкімімен жүздесті
18 желтоқсан, 2022 жыл 243 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы Шет ауданына барған қызметтік сапары барысында өңір әкімі Мұхтаров Мұхит Сайлауұлымен кездесті. Аймақ әкімінің қабылдауы барысында облыс бас имамы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді.

Әкіммен кездесуде өңірдің діни аухалы, халықты имандылық жолына бағыттау, жастар тәрбиесіне көңіл аудару сынды келелі мәселелер талқыланды.

Аудан басшысы сонымен қатар қызметке жаңадан тағайындалған облыс бас имамының алдағы жұмысына табыс тіледі. Шет аудандық Жанқұтты би мешітіне мүмкіндігінше қолдау көрсетіп, бірлесіп қызмет атқаратындығын жеткізіп, ұлттық құндылықтармен рухани тәрбиені насихаттау, дамыту бағытында бірқатар шаралар жасауға ниет білдірді. 

Кездесу соңында облыс бас имамы дінімізге деген жанашырлығы үшін әкімге алғыс білдіріп мүфтият баспасының «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты кітабын сыйға тартса, аудан басшысы Шортанбай жыраудың 200 жылдығына орай жарыққа шыққан «Тасқа тұнған құпия» кітабын естелік үшін хадия етті. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары