ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен тәуелсіздіктің құрметіне орай әлеуметтік көмекке мұқтаж, мүгедек жандарға азық-түлік қоржыны үлестірілді.
Ел тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай өткен игі шара барысында отыз отбасы қамтылды. «Қайырымдылық-қайырлы іс» атты шара барысында аудандық мешітке жиналған отбасыларға мешіт наиб имамы Саян Дүйсенбекұлы шараның мақсаты мен маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, ұлттық мерекемен құттықтап, ел егемендігінің берік болуын тіледі.
Отыз отбасыға теңдей үлестірілген азық-түліктер мешітке келе алмаған отбасылардың шаңырағына жеткізіліп берілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер