Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты алыс жолдан сапарлатып келе жатқан жолаушыларға Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған дін қызметкерлері көмек көрсетуде.
Бірнеше күннен бері ауа райының күрт өзгеріп сала беруі облыс тұрғындары мен қонақтарының мазасын алды. Шалғай жолдан ат терлетіп келген жолаушылар облысқа қарасты мешіттерге аялдап, Алла үйін пана тұтуда.
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті ұжымы да қолайсыз ауа-райында жолда қалған жолаушыларға ыстық шай мен ас-ауқат үлестіріп, көмек көрсетуде. Қарағанды облысы бас имамының бастамасымен жүзеге асып жатқан сауапты шара өкілдікке қарасты Шет ауданы «Жанқұтты би» мешіті және Балқаш қалалық мешіттерінде де жалғасын тауып, мешітке табан тіреген жолаушыларға жәрдем көрсетілуде. Мешіт асханаларында арнайы ас әзірленіп, жолаушыларға үш мезгіл ас берілуде.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер