Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне жаңа ұстаз бен азаншы тағайындалды
27 қаңтар, 2023 жыл 1099 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне жаңа ұстаз бен азаншы қызметке тағайындалды.

Жұма намазына жиылған жамағатқа Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Хумар ұстаздық қызметке тағайындалған Қожанов Мирас Ерланұлы мен жаңадан тағайындалған азаншы Жанайдаров Думан Камариденовичті таныстырып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.

Жаңа қызметкерлер жайлы қысқаша мәлімет беріп өткен наиб имам Қоныскерей Хумар діннің  дамуы жолындағы сауапты һәм жауапты қызметтеріне сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.

Жамағат атынан ақсақалдар батасын беріп, жаңа қызметкерлердің  ел игілігі мен дін игілігі жолындағы жұмыстарына береке тіледі.

Қарағанды облыстық  «Әнет баба» мешітінің жаңа қызметкерлерімен таныс болыңыздар:

Ұстаз:

Қожанов Мирас Ерланұлы 24.04.1992 жылы дүниеге келген.

Білімі:

- 1999-2008 жж. Алматы обл. Іле ауд. Жәпек батыр ауылында №4 орта мектепті бітірген;

- 2008-2011 жж. “Қайнар” колледжін “Аудитор ревизор” мамандығы бойынша тәмәмдаған;

- 2012-2013жж. Мысыр елінің Каир қаласында “Ніл” тіл үйрету курсын бітірген;

- 2014-2016жж. “Әл-Азһар”университетінің “Иғдади бөлімін аяқтаған;

- 2016-2018жж.  “Әл-Азһар”университетінің “Сәнәуи” бөлімін оқыған;

- 2018-2022жж.  “Әл-Азһар”университетінің “Шариғат” факултетінің бакалавр түлегі.

Отбасы жағдайы: Үйленген, үш баласы бар.

 

Азаншы:

Жанайдаров Думан Камариденович 18.10.1997 жылы дүниеге келген.

Білімі:

- 2014-2018 жж Астана Гуманитарлық колледжін бітірген;

- 2019-2022жж «Астана» медресе колледжін тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

- 2022 жылдың шілде айынан  бастап Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің наиб имамы;

- 2022 жылдың 29 - шілдесінен бастап Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің имамы міндетін уақытша атқарушы;

Отбасы жағдайы: Үйленбеген.

 

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

www.ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары