Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» атты жамағаттың бірлігіне арналған рухани кеш өтті.
Жамағаттың басы қосылған рухани кеште Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің имамы Жанболат Жұматұрұлы бірлік пен татулық жайлы уағыз- насихатын айтты. Сонымен қатар, Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің ұстазы Мирас Ерланұлы кешке арнайы қатысып, жамағатқа дәріс оқыды. Сондай-ақ, жамағаттың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Аталмыш рухани кеште жамағатпен Құран оқылып, бауырлас Түркия және Сирия елінің халқы үшін дұға жасалды.
Пікірлер