Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарқаралыдағы спорт клубында ұлттық ойындар сайысы өтті
15 ақпан, 2023 жыл 328 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Қарқаралы ауданына барған қызметтік сапары барысында Егіндібұлақ ауылында орналасқан «Қарқаралы спорт клубына» ат басын бұрды.

Облыс бас имамы бастаған бір топ дін қызметкерлері Балқантау баурайында ұйымдастырылған ұлттық спорт ойындарының сайысына куә болды. Халқымыздың рухани құндылықтарын қайта жаңғырту мақсатында өткен шара жамағат арасындағы бауырмалдықты арттырып, дін мен дәстүр сабақтастығын жалғауға бағытталды.

Аламан жарыстың басталуында облыс имамы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дін мен дәстүр» бағыты аясында өткізіліп отырған шараның мән-маңызына тоқталып, сайысқа қатысып отырған ойыншыларға сәттілік тіледі.

Додаға қатысушылар көкпар, садақ ату, қол күресі сынды ұлттық спорт түрлерінен бөлек, спорт кешенінің ішінде үстел теннисі мен баскетбол ойындарынан да сайысқа түсті. Осылайша облыс бас имамы бастаған дін қызметкерлері дүбірлі додаға қатысып, жамағат арасындағы жарасымдылықтың жарқын үлгісіне куә болды.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

www.ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары