ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы қызметтік бақылау-басқару жұмысы бойынша Үштөбе ауылдық мешіті жанындағы қайырымдылық мекемесіне барды.
Қызметтік сапар барысында аймақ имамы Нығыман Жандос Әшімұлы облыс бас имамына мекеменің жұмыс барысынан хабар беріп, ғимараттың ішін аралатып, таныстырды.
Қазіргі уақытта аталмыш ғимараттың құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, ашылуға жақын. Ғимараттың сыйымдылығы 100 шәкіртке шақталған. Орталықтың арнайы сыныптары, асханасы, жатақханасы да барлық талаптарға сай жабдықталған. Атап өтерлігі, ғимарат осы жылдың қыркүйек айында қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Құрылыс жұмыстарына жауапты мамандармен сұхбаттасып, мекемемен таныс болған облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы нысанға байланысты бірқатар тапсырмалар жүктеп, игі іске оң бағасын беріп қайтты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
www.ihsan.kz
Пікірлер