ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры қалалық мешіттермен және «Ана Мама» қайырымдылық қорымен бірлесіп әлеуметтік көмекке мұқтаж жүз отбасыға азық-түлік үлестірді.
Игі шара Қарағанды облыстық «Әнет баба» және қалалық «Әл Машани», «Бала қажы», «Қазыбек би» мешіттерінің бірлесуімен жүзеге асты.
Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен қасиетті шағбан айының қарсаңында ұйымдастырылған шараның мақсаты жалғыз басты, көп балалы аналарға қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі және науқас жандарға қол ұшын сөзу.
«Осы игі шараға қолдау білдірген кәсіпкер азаматтарға Алла Тағала разы болсын! Жаратқан Иеміз шағбан айын берекелі етіп, Рамазанға аман-есен жетуімізді нәсіп етсін»,- деді игі істің бас - қасында жүрген «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Мирас Ерланұлы.
Айта кетейік, бір отбасыға (ұн, күріш, шәй, май, қант, макарон өкімдері т.б.) беріліп, үйлеріне жеткізілді.
Пікірлер