Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы қаладағы Әлихан Бөкейхан ауданында орналасқан «Восток-3» ықшам ауданында бой көтеріп жатқан жаңа мешіттің құрылыс жұмыстарымен танысты.
1500 жамағатқа лайықтап салынып жатқан құлшылық үйінің құрылысы осы жылы толықтай аяқталады. Кешенді ғимаратта 300 адамдық орны бар асхана, «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының бөлімшесі және діни рәсімдер орындалатын кабинеттер бар.
Заман талабына сай тұрғызылып жатқан мешіттің құрылыс жұмыстарына шолу жасаған облыс бас имамы игі істің басы-қасында жүрген қызметкерлерге өз ризашылығын білдіріп, аталмыш бастаманың сәтті жүзеге асуын тілеп дұға жасады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер