Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысының бас имамы Теміртау жамағатымен жүздесті
04 наурыз, 2023 жыл 253 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ Қарағанды өкілдігіне қарасты Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы аясында  жамағаттың бірлігіне арналған рухани кеш болып өтті.    

Жиынға арнайы қатысқан облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы кеш қонақтарына уағыз-насихат айтып, жылы лебізін білдірді.    

Шара барысында мешіт жамағаты ақ дастархан басына жиналып дәм татты. Жұртшылықты ізгі қоғам қалыптастыру жолында игі амалдар жасауға шақырған Естай Айтуғанұлы артынша Теміртау қалалық Жақып Ақбай мешітінің имамы Жанболат Жұматұрұлына сөз кезегін беріп, ғибратқа толы насихаттар көшін жалғады. 

Отырыс соңында Құран аяттары оқылып, еліміздің бейбітшілігі мен амандығын тілеп бата жасалды. 

Берекелі кештен рухани нәр алған жамағат басқосуды ұйымдастырған мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Айта кетсек, мұндай игі дәстүр әр дүйсенбі күні құптан намазынан кейін тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары