Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы аймаққа қарасты «Ансар» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.
«Кісі ақысын жеу үлкен күнә» тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Дініміз Ислам тыйым салған ауыр күнәлардың бірі – кісі ақысын жеу. Ғалымдарымыз бұл күнәны серік келтіруден кейінгі үлкен күнәға жатқызған.
Халқымыз ұрпағына: «Ешкімнің ала жібін аттама» деп, өзгеге қиянат жасамауды, зиян бермеуді, ақысыз мал-дүниесіне қол салмауды кішкентайынан үйретіп, құлағына құйып өсірген»,-деді.
Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер