Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы қалалық «Қазыбек би» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀
«Тақуалыққа қалай қол жеткіземіз? » тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Тақуалық – Алла Тағаладан ұялудан туған қасиет. Халқымыз «Ұяты жоқтың иманы жоқ», – деген.
Тақуалық мұсылманға көрік береді. Тақуалардың тақуасы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Араларыңда ең тақуа адаммын. Сөйте тұра үйленіп, балалы-шағалы боламын. Бір күн ораза ұстасам, келесі күні аузым ашық болады», – дейді. Демек әр нәрседе орта жолды ұстануға бұйырған Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы тақуалықта да астамшылдыққа бармауды өсиет еткен»,-деді.
Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер