Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде 1 200 000 теңге зекет берілді
17 сәуір, 2023 жыл 348 Басып шығару нұсқасы

   Қасиетті қадір түнінің құрметіне орай ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  әлеуметтік көмекке мұқтаж 30 отбасыға зекет берілді.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті және «Зекет және қайырымдылық» қорының бірлесуімен жүзеге асқан игі шараға облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы мен   қордың жауапты меңгерушісі Мирас Ерланұлы арнайы қатысты. 

Шара барысында көп балалы, жалғыз басты, әлеуметтік аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі науқас жандарға жәрдем көрсетілді.

Рақым айы рамазанның қасиетті түнінде игі істің жүзеге асуына мұрындық болған жомарт жандарға облыс бас имамы  алғысын білдіріп, келушілерді қадір түнімен құттықтады. 

Өз кезегінде берекелі кеште жақсылыққа кенеліп,  мешіт тарапынан жәрдем алған отбасылар облыс бас имамы Естай Айтуғанұлына және Мирас Ерланұлына ризашылықтарын жеткізді.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары