ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен қасиетті қадір түнінде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде 3 000 адамға сәресі дастарханы жайылды.
Мешіт асханасымен қатар, құлшылық үйінің ауласына құрылған қазақы киіз үйде де ас ұсынылып, жамағатқа дәм берілді.
Жамағатқа ас тарату мен дастархан жаюға мешіттің шәкірттері және ерікті жастары жұмылдырылды.
Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер