Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағандыда «Ел үлесі - пәтерге» жобасы бойынша 641-баспананың кілтін табыстады
19 сәуір, 2023 жыл 694 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қоры «Ел үлесі - пәтерге» жобасы бойынша 641-баспананың кілтін табыстады.

Берекелі айда табысталған баспана кілті Теміртау қаласы, Ақтау кентінің тұрғыны,  асыраушысы науқас, бес баланың анасына бұйырды.

Қайырымдылық шарасына ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының басшысы Мақсатбек Мақсотұлы және Қарағанды облысының бас имамы  Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып,  қуаныш иелеріне баспана кілтін тарту етті.

Рақым айы - Рамазанда үлкен қуанышқа кенеліп, үйлі болған көп балалы ана сауапты һәм игі істі жүзеге асырған жандарға риясыз алғысын айып, дін қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары