Қарқарқаралы өңіріне іс-сапармен келген ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы аймаққа қарасты мешіттердің дін қызметкерлеріне «Жаназа және жерлеу» рәсімдеріне арналған жиын өткізді.
Жиын барысында облыс бас имамы алдымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді.
Діни басқарма жерлеу рәсімдерін шариғатқа сай орындалуын тәртіпке келтіріп, зират тұрғызу мен зиярат жасаудың, кесене салудың жалпыға ортақ, біріңғай мәдениетін қалыптастыруға тырысып келеді.
Осы мақсатта облыс бас имамының қатысуымен өткен жиынға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы және Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Құбылайханов Митератбек қатысып, шараның маңыздылығы атап өтті.
Сондай-ақ, ҚМДБ-ның 2023 жылға арналған төралқа мәжілісінде қабылданған бес бағыты «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттарының маңызына тоқталып өтіп, дін қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар берді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер