Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы имамдары марқұмдардың рухтарына Құран хатым дұғасын бағыштады
12 маусым, 2023 жыл 167 Басып шығару нұсқасы

   Бүгін елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы имамдары Абай облысында орын алған тілсіз жаудың салдарынан мерт болған марқұмдардың рухтарына  Құран хатым дұғасын бағыштады. 

Сауапты шараға облысқа қарасты барлық өңірлердің құлшылық ордалары біріге үн қосты.

Мемлекетіміздің Көкбайрағы төмен түсіріліп, күллі Қазақстан халқы қайғыға шомған азалы күнде Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы бастаған дін қызметкерлері облыстық  «Әнет баба» мешітінде марқұмдардардың артында қалған туыстары мен жақындарына көркем сабыр сұрап, Жаратушы Алладан жақсылық тіледі.

« Өрт апаты кезінде көз жұмған қызметкерлер мен  тұрғындарды Алла мейіріміне алғай. Жаратушы Иеміз жарақат алған жандардың тез арада сауығып кетуін тілейміз. Қиын сәтте әр азамат бірлігін танытып, өз тарапынан қолдау көрсетуде. Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күнінде арнайы Құран хатым дұғасын бағыштадық. Алла қабыл етсін! Баршаңызды тізсіз жаудан опат болған марқұмдардың рухтары үшін дұға жасауға шақырамыз!», – деп атап өтті Қарағанды облысының бас имамы.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары