Қарағанды облысының Бас имамы Естай Айтуғанұлы Ақтоғай ауданына барған қызметтік сапары барысында Сарышаған елдімекенінде салынып жатқан медресенің құрылысымен танысты.
Аймақ имамы Сабит Базарбайұлы облыс бас имамына қос қабатты ғимараттың құрылыс барысымен таныстырып, білім ошағының тыныс- тіршілігінен хабар берді.
Бой көтеріп жатқан ғимарат екі бөліктен тұрады. Діни сауат ашуға арналған білім нысанының екінші қабатында арнайы жатақхана орналасқан. Сондай-ақ, 250 адамға арналған асхана құрылысы да жүргізілуде.
Мұнда бір мезетте отыз шәкірт шариғат ілімдерімен қатар Құран жаттап, араб тілдерін меңгеретін болады.
Қазіргі таңда ғимараттың сыртқы жұмыстары жүргізіліп, құрылыс толықтай аяқталуға жақын.
Айта кетейік, білім ошағы мен асхананың құрылыс жұмыстары жергілікті халықтың қолдауымен жүзеге асуда.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер