Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағандыда «Өмірге үміт сыйла» акциясы жүзеге асты
12 маусым, 2023 жыл 115 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының  Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында   ауыр дертке шалдыққан Айбар есімді бүлдіршіннің еміне 400 000 теңге қаржылай көмек берілді. 
Қарағанды облысына қарасты Көкпекті ауылдық мешітінің имамы Сұңқар Қадырұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан қайырымдылық шарасы барысында  Айбардың анасына 400 000 теңге қайырымдылық сертификаты табысталды.
 Ұлының дертіне шипа сұрап түрлі ем-шаралар алып жүрген баланың   анасы жақсылықта жарысып, қайырымдылық жұмыстарына атсалысып жүрген жомарт жандар мен дін қызметкерлеріне алғысын жеткізді. Айта кетейік, емге қажетті қаражат демеушілер мен жанашыры жандардың қолдауымен жиналды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары