ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Имани жаз» атты сауат ашу дәрісінің шәкірттеріне табиғат аясында демалыс ұйымдастырылды.
Қарағанды қалалық "Бала қажы" мешітімен бірлесе ұйымдастырған шара барысында «Дін мен дәстүр» бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы жас жеткіншектерге қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс өткізді. Сонымен қатар, шәкірттерге дастархан жайылып, тәттілер үлестірілді.
«Шараның басты мақсаты балаларды білімге ынталандыру және ұлттық құндылықтарымызбен сусындату»,- дейді бөлімнің жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер