Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы мешіттерінде Ұлы Отан соғысы марқұмдарына дұға бағышталды
22 маусым, 2023 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысына қарасты барлық  мешіттерде  екінші дүниежүзілік соғыс жылдары  елі мен жерін қорғап, халқының тыныштығы үшін зұлмат соғысқа қатысқан ержүрек майдангерлер мен тыл еңбек ерлерін  еске алып, рухтарына құран бағышталды.

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қатысуымен облыстық «Әнет баба» мешітінен бастау алған шара барысында  бесін намазынан кейін құран оқылып, ел тәуелсіздігін аңсап кеткен  ата-бабаларымыздың, сұрапыл соғыстан отбасыларына оралмаған, Отаны үшін шейіт болған марқұмдар рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.

Халқымыздың бірлігі мен ынтымығын сақтау, тәуелсіз еліміздің мәртебесі қашанда биік болуын тіледі.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары