Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҚАСАПШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
22 маусым, 2023 жыл 163 Басып шығару нұсқасы

   Құрбан айт мейрамына дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында  Қарағанды облысының қасапшылары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен өткен республикалық онлайн оқу-семинарына қатысты.

«Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» семинарына наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы және еліміздің барлық өңірінен 150-ге жуық қасапшы қатысты.

Семинарда барлық өңірде құрбандық шалынатын орындарды әзірлеу, қаупісіздік-тазалық шаралары, қасапшылар даярлау және оларға құрбан шалудың шариғи үкімдері мен талап-шарттары кеңінен түсіндірілді, халал стандартқа сай мал бауыздап, ет өңдеу тәртібі айтылды.

Өз кезегінде Батыржан Берденұлы Құрбан айттың шариғи мағынасы мен тарихына және құрбандық шалу кезінде кездесетін қателіктерге тоқталып, құрбандық шалу үлкен құлшылық екендігін жеткізді. Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары