Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар ұйымы «Әнет баб»  мешітін зиярат етті
23 маусым, 2023 жыл 222 Басып шығару нұсқасы

    «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар ұйымы Қарағанды облыстық «Әнет бабa»  мешітін зиярат етіп, құлшылық үйінің сәулетімен танысты.

Алла үйіне келген еліміздің және   Әзербайжан мен Өзбекстанның дарынды жастары  мен делегаттарын Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы қарсы алып, мешітіміздің сәулетімен таныстырды.

Айта кетейік, 17-23 шілде аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу орталығында жыл сайынғы «Айбын» жастар жиыны өтеді.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу орталығының аумағында 43 командадан тұратын 700-ден астам жасөспірім мен оқушы үшін шатырлы лагерь ашылды. 

Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен жастар жиналады. Оған Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың әскери-патриоттық клубтарының, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің, «Жас ұлан» республикалық мектептерінің, конкурстық іріктеуден өткен облыстық әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері қатысады. Биылғы жиынға алғаш рет Әзербайжан мен Өзбекстанның командалары шақырылып отыр. Байқауға 14-17 жас аралығындағы балалар қатысады, - делінген мәліметте.

 «Айбын» халықаралық жиыны аясында «Бірлік ордасы» көрмесі ұйымдастырылады. Онда Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстанның жас патриоттары өз халқының мәдени жетістіктерін, үздік дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсететін болады.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары