ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің имамы болып тағайындалды.
Қасиетті жұма күні Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы жаңа имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Бұған дейін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде сегіз жыл наиб имам қызметін атқарған Нұржігіт Оразалыұлының қажырлы қызметіне баға беріп, тәжірибелі имамның бұл жұмысты да табысты атқарарына сенім білдірді.
Сондай-ақ, Саран қалалық мешітінде бұған дейін имамдық қызметін абыройлы атқарып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Мұхамедқали қажы Салиқовтың жасаған жұмыстары үшін облыс бас имамы алғысын білдіріп, иығына қазақы қошеметпен шапан жапты.
Айта кетейік, бұған дейін Саран қалалық мешітінде имамдық қызметін атқарған Мұхамедқали қажы Салиқов аталмыш мешіттің наиб имамы қызметіне ауысты.
Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы
1991 жылы 30 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген.
Білімі:
2015-2016 жж Алматы қаласы, «Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» университеті;
2018-2019 жж Түркия, Анкара қаласы «Дианед» университеті;
2019 жыл Алматы қаласы ИБЖИИ 2 айлық курсы;
Жұмыс тәжірибесі:
2015 жылдан бастап Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.
Үйленген, 5 баласы бар.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер