ҚМДБ – ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Қарағанды облысында көптеген шаралар жүзеге асып келеді. Өз кезегімен ұйымдастырылып жатқан игі шара облыстық «Әнет баба» мешітінде жалғасып, мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсетілді.
Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында өткен шара барысында өңірге қарасты «Ізгі қоғам» бағыты және «Уақып» қорының ұйымдастыруымен «Қарағанды қаласының №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ қызметкерлеріне қазақы киіз үйде дастархан жайылып, ас берілді.
Рухани кеште Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Асқаров Амангелді Дәулеткелдіұлы қонақтарға уағыз-насихат айтып, сыйлықтар таратып, Құран оқып бата берді. Беркелі бас қосуға разы болған кеш қонақтары шараны ұйымдастырған дін қызметкерлеріне алғастарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер