Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әйел-қыздар» секторының кезекті жиыны өтті
17 тамыз, 2023 жыл 169 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  «Әйел– қыздар» секторының  кезекті  жиыны болып өтті.  

Жиынды сектордың Қарағанды облысы бойынша жетекшісі Айгерім Берікболқызы жүргізді.  Жиынға Қарағанды қалалық «Әл Машани» және «Бала қажы» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы, Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің ұстазы Бағдат Шакенқызы және «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызы қатысты.

Басқосу барысында облысқа қарасты қалалық мешіттің ұстаздары сектор тарапынан жыл бойына атқарылатын жұмыс бағытын талқылап, іс-шаралар жоспарын бекітті.  Әр бағыт аясындағы жұмыстарға ерекше тоқталып, ұстаздарға арнайы тапсырмалар берілді. Атап айтқанда,  «уағыз-насихат», «сауат ашу», «қайырымдылық» бағыттары аясында бірнеше жоспарлар жүйеленді. Сондай-ақ, оны жетілдіру мақсатында атқарылуы керек іс-шараларды баяндады.  

Одан өзге, жиналыс қортындысында ұстаздар жыл аясындағы атқарылған жұмыстарға байланысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.  

Қарағанды облысының баспасөз қызметі      

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары