ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы аймаққа қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀
⠀
«Сыйласаң, сиын көресің» тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Сыйластық – қазақ халқында ежелден қалыптасқан, қанға сіңген қасиет. «Адам сыйлағанның құлы» деген халқымыз өзін сыйлап, құрметтеген жанға төрден орын ұсынып, сұрағанын береді.
⠀
Жалпы сыйластыққа, татулыққа жететін ештеңе жоқ. Халық арасында «Жақсы сыйлағанның құлы, жаман қорыққанның құлы» деп сыйластықты сырбаздықтың сыны етіп қарастырған»,-деді. ⠀⠀
Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀
Пікірлер