Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Достар» қоғамдық тамақтану орны халал сертификатын иеленді
28 тамыз, 2023 жыл 243 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қаласындағы тұтынушыларына адал ас ұсынып, халал стандартының талаптарына сай қызмет етіп жатқан дәмханалардың қатары халал сертификатын иеленген «Достар» қоғамдық  тамақтану орнымен толықты.

Мекеменің қызмет барысын толық тексерістен өткізіп, дәмхананың асханасына зертханалық жұмыс жасау мақсатында «Халал Даму» ЖШС –ның технолог мамандары арнайы бақылау жұмыстарын жүргізді.  Тексеріс барысында өнімдердің құрамы, асхананың өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығын тексерді. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді. 

Алдағы уақытта «Достар»  дәмханасына асы адал, жұмыстары берекелі бола берсін демекпіз!

Дәмхана Қарағанды қаласы, Стартовая жолағы 61/1 мекен жайында орналасқан.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ей, Елшілер! Таза (адал) нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер...», сонымен бірге «Ей, иман еткендер! Біз сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер...» –деген. Дастаханымыз адал асқа толы, берекелі де мол болсын! 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары