Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы «Әл-Мәшани» мешітінде жұма намазын өткізді
15 қыркүйек, 2023 жыл 141 Басып шығару нұсқасы
   

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы Қарағанды қалалық «Әл-Мәшани» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.

«Ақыреттің белгілері» тақырыбында уағыз айтқан бас имам: «Әрбіріміз қияметтің белгілеріне ой жүгіртіп, пікір қылуымыз қажет. Себебі мұнда есеп берер күнге деген даярлық, Алла алдындағы сұрақ-жауапқа әзірлік, өлімді еске алу секілді дініміз бұйырған нәрселерге мойынсұнушылық жатыр. Рақымы мол болған Жаппар Иеміз біздерді ақырзаманның ауыртпашылықтарынан қорғап, қияметтің сынағынан сақтасын, деді. 

Жұма намазынан соң жамағатпен ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалып, ақсақалдар батасын берді. ⠀⠀

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары