Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағандылық «UNITEA» кәсіпорны «HALAL EXPO-2023» көрмесіне өз өнімдерін ұсынды
15 қыркүйек, 2023 жыл 144 Басып шығару нұсқасы

Алматы қаласында ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «HALAL EXPO-2023» халықаралық көрмесіне Қарағанды қаласында орналасқан «UNITEA» кәсіпорны өз өнімдерін ұсынды.

Айта кетсек, 1995 жылдан бастап өз жұмысын бастаған «UNITEA» кәсіпорны түйіршіктелген және жапырақты, жоғары сапалы шәй өнімдерін Кения мен Үндістаннан тасымалдайды. Қанық түсті, ерекше дәмді шәй өнімдері Қазақстан ғана емес Ресей нарығында да айрықша сұранысқа ие. Кәсіпорынның шәй коллекциясының ішіндегі ең үздігі «Ақман» шәйі. 2015 жылы көпшілікке ұсынылған «Ақман» шәйі отандық тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланды. «Халал Даму» мамандарының толыққанды тексеріс қорытындысынан кейін «Хасенов Е.Ш» кәсіпорнының 19 түрлі сауда белгісімен шығарылатын шәй өнімдері «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдануға, сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары