Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде әйелдер жамағатына фиқһ дәрістері басталды
18 қыркүйек, 2023 жыл 251 Басып шығару нұсқасы

     ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен облыстық «Әнет баба» мешітінде әйелдер жамағатына фиқһ дәрістері басталды.

«Мұхтасар әл-қудури» кітабы бойынша жүргізіліп жатқан дәрісті «Әйел-қыздар» секторының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі әрі облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Айгерім Берікболқызы жүргізуде.

Дәріс барысында шәкірттер шариғат ілімдері бойынша діни сауат ашып, асыл дініміздің құндылықтарымен сусындауда.  

Айта кетейік, дәрістер әр дүйсенбі және бейсенбі күндері  сағат 10:00-12:00 – де жүргізіледі. 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары