ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, діни оқу-ағату бағытын күшейту мақсатында бір апталық тәжірибе алмасу үшін Алматы қалалық «Әбу Бакр» мешітінің имамы Нұрбол Тағаев Қарағанды облысына арнайы іс-сапармен келді.
Тәжірибе алмасу мақсатында келген дін қызметкерін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы қарсы алып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Одан кейін, «Әнет баба» мешітінің наиб имамдары, әр бөлімнің жауапты меңгерушілері атқарылып жатқан жұмыстарды баян етіп, таныстырды.
Тәжірибе алмасу барысындағы қызметін дәстүрге сай облыстық «Әнет баба» мешітінде намаз өткізіп, жамағатқа уағыз айтумен бастады. Одан кейін, «О. Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығында өткен рухани отырыста насихат айтты. Жамағатпен өткен кезекті келелі кездесу «Қазыбек би» мешітінде жалғасын тапты.
Ал, кешкілік ақшам намазынан кейін «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде бірлігі жарасқан жамағатпен кезекті дәстүрге айналған дастархан басында бас қосты.
Шара барысында жиналған қауымға насихат айтып, жамағатпен бірге ел амандығы үшін дұға жасап, Қарағанды жұртына есендік тіледі.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер