ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде әйелдер жамағатына әлемге танымал медреселер мен діни оқу орындарында оқытылатын «Байна ядайк» кітабы бойынша дәріс басталды.
Дәрісті «Әйел-қыздар» секторының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі әрі облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Айгерім Берікболқызы жүргізуде.
Дәріс барысында шәкірттер араб тілі бойынша сауат ашып, асыл дініміздің құндылықтарымен сусындауда.
Айта кетейік, дәрістер әр сейсенбі және жұма күндері сағат 15:00-17:00 – де жүргізіледі.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер