Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешіті жамағаты апталық дастарханда бас қосты
27 қыркүйек, 2023 жыл 238 Басып шығару нұсқасы

   Аптаның әр бейсенбі күні берекелі дастархан басында бас қосуды үрдіске айналдырған  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жамағаты дәстүрге айналған рухани кеште тағы бір мәрте бас қосты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында жүзеге асқан  шара барысында мешіт жамағатының құрметіне  берекелі дастархан жайылып, ас берілді.

Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани кешке Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Мұхамедғали Ілиясұлы құрметті қонақ болып, дін мен дәстүр аясында және ғылым төңірегінде уағыз-насихат айтты.

Одан кейін, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы бірлік пен ынтымақ жайында насихатымен бөлісті.

Дін мен дәстүрдің құндылықтары сабақтасқан берекелі отырыста жүзден астам мешіт жамағаты бас қосты. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары