Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды имамдары «Міржақып. Оян қазақ!» фильмін тамашалады
11 қазан, 2023 жыл 260 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған қала имамдары мен медресе шәкірттері және  мешіт қызметкерлері «Міржақып. Оян қазақ» фильмін тамашалады.

Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, халықтың қошеметіне бөленген Міржақып Дулатұлының өмірін суреттеген туынды еліміздің барлық кинотеатрларында халықтың назарына ұсынылған болатын.

Аталмыш фильмді алғашқылардың бірі болып ҚМДБ-ның Төрағасы,  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият ұжымы тамашалауға барған болатын.

«Тарихи мәні зор отандық туындыға қолдау көрсету ниетімен аймағымызға қарасты дін қызметкерлерімен көркем туындыны тамашалауға ниет еттік. Ата-бабамыздың өмір тарихынан сыр шертіп, Міржақып Дулатұлының өмірі мен еңбек жолын баяндайтын  көркем фильм баршамызға үлгі. Алла Тағала жұртымыздың ертеңі үшін жанын құрбан еткен арыстарымызды өз рақымына бөлесін»,-деді облыс бас имамы өз сөзінде.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары