ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы басқару-бақылау жұмыстары бойынша өкілдікке қарасты Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітіне ат басын бұрды.
Мешіт имамы Махмұд қажы Нұрұлы құлшылық үйінің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырып, аймақтың дін қызметкерлерінің қызмет барысынан хабар берді.
Облыс бас имамы аймақтық мешітті жан-жақты аралап, соңғы кездері орын алып жатқан көңіл көншітер жаңалықтармен де танысты.⠀
Қазіргі уақытқа дейін құлшылық үйінің қабырғаларына жөндеу жүргізіліп, күмбезі жаңартылған. Сонымен қатар, ауласына тас төсеу жұмыстары жасалған.
Одан бөлек мешіттің тазалығына назар аударылып, ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстары тексерілді.
Сондай-ақ, мешіттің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды.⠀
Мешіт имамы Махмұд қажы Нұрұлы аймақтың қазіргі діни ахуалы жайлы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Облыс бас имамы аталмыш аймақтың қызмет барысымен толықтай танысып, жергілікті имамдардың жұмыстарына сәттілік тіледі.⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер