ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы аймаққа қарасты қалалық «Бала қажы» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀
⠀
Алла елшісін (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көру тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншіліктің айқын көріністерінің бірі – Алла Елшісін және оның өмірін үлгі тұту.
⠀
Алла Тағалаға иман келтіріп, Оның хақ дініне бойұсынған адам, Алла Тағаланың Пайғамбарына да бағынып, Оны жақсы көре білуі тиіс. Себебі Алла елшісін жақсы көру – мұсылманның иманының кемелдігінің көрінісі»,-деді. ⠀
⠀
Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀
Пікірлер