Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы «Бала қажы» мешітінде өткен абаттандыру жұмыстарына қатысты
13 қазан, 2023 жыл 182 Басып шығару нұсқасы

   Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының тапсырмасы аясында Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ауласында абаттандыру жұмыстары болып өтті.

Шараға облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған дін қызметкерлері қатысып, құлшылық үйінің ауласына жеміс ағаштары мен талдар отырғызды.

Шара барысында облыс бас имамы арнайы сөз алып: «Республика күніне орай Бас мүфти бастамасына сәйкес мешіт қызметкерлері бірқатар іс-шараларды ұйымдастыруда. Аталмыш тал егу шарасы соның бір көрінісі. Жерлестерімізді тазалық жұмыстарына атсалысуға, аулаларды таза ұстауға және тал егу шарасына қатысуға шақырамын", - деп қала тұрғындарын тазалық шараларын үлес қосуға үндеді. 

Айта кетейік, аталмыш тал егу шарасы облысқа қарасты барлық елді-мекендердің мешіттерінде жалғасын таппақ.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары