ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің дін қызметкерлері «Дархан дала» жобасы аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне зиярат жасап, бабалар рухына Құран хатым дұғасын бағыштап қайтты.
Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған дін қызметкерлерін Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы құрметпен қарсы алып, құлшылық үйінің сәулетімен таныстырды.
Құлшылық үйін тамашалап, тарихымен танысқан елордалық имамдар «Әнет баба» мешітінде арнайы Құран хатым дұғасын жасады.
Сапар соңында «Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында Қарағанды облысының имамдарымен және жамағатымен ақ дастарханда бас қосып, келелі мәжіліс өткізді. Өңірдің қонақжай пейіліне ризашылықтарын білдірген Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы Естай Айтуғанұлына шексіз алғысын білдіріп, Астана өкілдігі атынан естелік сыйлық табыстады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер