Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Балқашта рухани мәуліт кеші өтті
19 қазан, 2023 жыл 242 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы Балқаш қаласында өткен мәуліт кешіне қатысты.

Рухани мерекелік кешке аймақтың зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен дін қызметкерлері, сондай-ақ мешіт жамағаты мен қала тұрғындары қатысты.

Алдымен облыс бас имамы жиналған көпшілікті мүбәрак мерекемен құттықтап, мәуліттің маңызына тоқталды.

Бұдан бөлек, қасиетті айдың құрметіне орай мешіт жамағаты арасында Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір тарихы баяндалған «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы бойынша өткен сайыстың жеңіпмаздары марапатталды.

Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі І орын иеленген Самтырбай Жәнібекке Ұмра қажылығына жолдама берілді. Кезекті ІІ орынды Әмірханов Сүндет иеленіп, 100 00 теңгені қанжығасына байлады.  Бейсенов Жанас есімді қатысушы жүлделі ІІІ орынды місе тұтып, 70 000 теңгені еншіледі.

Сондай-ақ, Балқаш қалалық мешітінде Құран Кәрімнің 30-парасы бойынша өткен сайыстың жеңімпаздары марапатталды.
І орын Диас Азатұлы (150 000 теңге);
ІІ Мажит Рүстем (100 000 теңге);
ІІІ Жеткенбай Шахназар (50 000 теңге).

Жүлделерді облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы табыстап, барлық жеңімпаздарға құттықтау лебізін білдірді.

Сонымен қатар, рухани мәуліт кешін ұйымдастырушыларға және байқауды тамашалаған көрерменге өз алғысын жеткізді.

Салауат жырлары мен пайғамбарға деген ыстық ықыласы сағыныш сезіміне ұласқан көрермен-жамағат ризашылық көңілмен қимай қоштасты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары