Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Балқаш қаласының имамдарымен басқосу жиынын өткізді
25 қазан, 2023 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның  Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы Балқаш қаласына барған іс-сапарында арнайы жиын өткізді. Басқосуға Балқаш қалалық мешітінің имамы Нұрболат Сейілханұлы бастаған  аймақтың діни қызметкерлері қатысты. 

Облыс бас имамы қасиетті дініміз халқымыздың сан ғасырдан бергі рухани құндылығы болып саналатынын, сондықтан ҚМДБ бастамасымен жүргізіліп жатқан игі жобалар әр аймақта жалғасын табуы қажет екенін жеткізді.

«Діни басқарманың жергілікті жерлердегі дін қызметкерлері, мешіт имамдары тек дін саласында ғана емес, өзге де салаларда да білім-біліктіліктерін артырулары тиіс. Мемлекет тұтастығы, Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жасалып жатқан игілікті істерімізді одан әрі жалғастыру қажеттігін жұртшылққа ұғындыру да діни қызметкерлердің бір міндеті. Исламдағы дәстүрлі бағытымыз бен түрлі теріс ағымдардың ерекшеліктерін дұрыс түсіндіру үшін халықпен, әсіресе жастармен жұмыс жүргізе білуіміз қажет», - деді Естай Айтуғанұлы.        

Сонымен қатар, Бас имам дін қызметкерлеріне имамдар форумында бекітілген басты құжаттарды  нақты жүзеге асыру, еліміздегі мешіт имамдарының атқаратын  бес бағыттағы іс-шараларды әрқашан басты назарда ұстау және тағы басқалай мәселелер тұрғысында келелі кеңестер берді. Дін қызметкерлерінің  өзара тығыз байланыста болып, әртүрлі рухани-мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыра білудің де маңызын ескертіп, Балқаштық имамдардың атқарып жатқан жауапты да сауапты қызметтеріне табыс тіледі.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары