Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы «Төлеутай ата» мешітіндегі мәуліт кешіне қатысты
27 қазан, 2023 жыл 72 Басып шығару нұсқасы

   Екі дүние сардары, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құрметіне жер-жерде ұйымдастырылып жатқан Мәуліт мерекесі бұл жолы облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының қатысуымен «Төлеутай ата» мешітінде жалғасын тапты. 

Рухани кеш ең әуелі Құран аяттарын оқумен басталды. Одан кейін облыс бас имамы жиналған қауымға  ата-дәстүрімізбен сабақтасқан ислам дінінің құндылықтары жайында  және Мәуліт мерекесінің мәні мен маңызы хақында уағыз-насихат айтты.
Кемел отырыс барысында Мәуліт оқылып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауаттар айтылды. Сонымен қатар, ғаламның рақым нұрына айналған Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өмірбаянынан үзінділер оқылды. 

Кеш барысында жамағат арасында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылырп, дұрыс жауап бергендерге «Мінсіз Мұхаммед» атты жақында жарық көрген кітап тарту етілді.

Мәуліт мерекесінің соңында облыс бас имамы елдің бейбітшілігі мен тыныштығы үшін дұға жасап, жергілікті дін қызметкерлеріне және аймақ жамағатына  ризашылығын жеткізді. 


ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары