Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы өкілдігі шахтадағы апаттан қаза болған марқұмдардың рухына арнайы дұға жасады
28 қазан, 2023 жыл 172 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы өкілдігі Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан марқұмдардың рухтарына арнайы дұға жасады. 

Сауапты шараға облысқа қарасты барлық құлшылық ордалары да үн қосып, бүгін бір мезетте қайғылы оқиғада қаза тапқандардың рухына Құран бағышталды.

«Уа, Алла Тағала! Сенің құдіретің барлық нәрсеге жетеді. Сенен асқан құдірет иесі жоқ. Біз Сенен жерімізге төнген қауіптен құтқаруыңды сұраймыз. Еліміз бен жерімізді түрлі табиғи апаттан, өрттен аман еткейсің. Ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген бауырларымызға Өзің жар болғайсың. Әмин!»,-деп дұға етті облыс Бас имамы.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары