ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀
⠀
«Мұсылманның келбеті қандай болуы керек?»,- тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Шынайы мұсылманның өмірі оның мінез-құлқы үйлесімділікке, имандылыққа, адамгершіліктің биік шыңына негізделеді. Мұсылман адам әркез шынайы келбетін сақтап, мұсылмандық сипаттарды іске асырып, соған сай болуы қажет. Сонда ғана оның бойында тақуалық көрініс тауып, сыртқы және ішке дүниесі сәйкес келмек»,- деп мұсылман адамның келбетінен табылатын ізгі амалдарды атап өтті.
Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀
Пікірлер