Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Жастар ісі» секторының меңгерушісі «Әнет баба» мешіті жамағатымен жүздесті
04 қараша, 2023 жыл 97 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы  Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде бірлігі жарасқан жамағат дәстүрге айналған берекелі дастарханда бас қосты. 

Дін мен дәстүрдің құндылықтары сабақтасқан рухани отырысқа ҚМДБ-ның жанындағы «Жастар ісі» секторының жауапты маманы Бағжан Ерболатұлы Күзекбай арнайы қатысты. 

 Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани кеште облыс бас имамы жиналған жамағатқа бірлік пен татулық жайында  уағыз-насихат айтты.

Елордасы Астана қаласынан арнайы ат терлетіп келген құрметті қонақ жиналған қауымға «Отанды сүю», « Білім іздену» тақырыптары аясында насихат айтты.  Одан кейін, қалалық «Хазрет Әли»  мешітінің имамы Әлімжан Қазақбайұлы  «Білім алудың маңыздылығы» мәселесі төңірегінде сөз қозғап, ғибратты әңгімелермен бөлісті. 

Үрдіске айналған  бұл шарада жүзге жуық мешіт жамағаты мен жастары бас қосты. 

Кездесу соңында Бауыржан Ерболатұлы осындай игі шараны ұйымдастырған облыс бас имамы мен дін қызметкерлеріне алғысын білдіріп, аймақ халқы үшін дұға жасады. 


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары