Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы өкілдігі «Зияткер имам» халықаралық семинарын ұйымдастырды
06 қараша, 2023 жыл 222 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде шет елдік білікті ұстаздардың қатысуымен облыс имамдарына арналған «Зияткер имам» атты халықаралық семинар болып өтті.

Семинарға «Хусамуддин ас-Сығанақи» атындағы ислам институтының оқытушылары  PhD, профессор Ясир Ахмед Мурси Мухаммед Сетохи және  Махмуд Мухаммед Махмуд Мухаммед Хассан арнайы қатысып, дін қызметкерлеріне дәріс оқыды.

Семинарға  облыс бойынша 30-дан астам дін қызметкері қатысып, білімдерін жетілдірді. 

Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы имамдарға семинар өзектілігін айтып, білімді болуға, дін жолында аянбай еңбек етуге шақырды.

Семинарда шет елдік ұстаздар "фиқһ", "Ақида" пәні бойынша өзекті тақырыптарға тоқталып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дін қызметкерлерінің әдебі мен ұстанымын, этикасын баяндап өтті.

Жиын барысында имамдар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, білікті ұстаздардан тұшымды жауап алды.

Семинар соңында барлық имамдарға арнайы сертификат табысталды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары