Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртауда рухани мәуліт кеші болып өтті
06 қараша, 2023 жыл 176 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласы мешіттерінің ұйымдастыруымен екі дүние сардары, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құрметіне рухани мәуліт кеші болып өтті.

Мерекелік рухани кеш Құран оқумен басталып, жиналған жамағат пайғамбарға салауаттар жолдады. Одан кейін Құран аяттары оқылып, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы барша жамағатты қасиетті мерекемен құттықтап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізді.

Кеш барысында белгілі жыршы-термеші Дидар Қамиев қазақша мәуліт жырын оқыды. Дәстүрлі әндер шырқалып, діни әуендер асқақтап, тәлімдік термелер айтылды. 

Кештің құрметті қонағы, ұстаз Тілекқабыл Амангелдіұлы  ғаламның рақым нұрына айналған Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өмірбаянына қатысты уағыз-насихат айтты.

Рухани шара барысында жамағат арасында салауат айтудан сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табысталды. 
Атап айтқанда, 
І орын иегеріне 100 000 теңге;
ІІ орын иегеріне 60 000 теңге;
ІІІ орын иегеріне 40 000 теңге қаржылай жүлде берілді.

Бұдан бөлек, берекелі кештің құрметіне орай жамағат арасында кезекті Ұмра қажылығына екі жолдама ойнатылып, қасиетті мекенге жетелейтін сертификаттар табысталды

Мәуліт мерекесінің соңында облыс бас имамы осындай рухани шараны ұйымдастырған Теміртау қаласы мешіттерінің ұжымы мен дін қызметкерлеріне және демеуші жамағатына алғысын білдіріп, елдің бейбітшілігі мен тыныштығы үшін дұға жасады.

ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары