Тілдік нұсқа
Радио

Фото

БАЙМЫРЗА АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ
11 қараша, 2023 жыл 252 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданына қарасты Баймырза ауылында жаңадан салынған мешіттің ашылу салтанаты өтті. 

Игі іс-шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай  Айтуғанұлы, «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы, аудан имамы Рүстем Мұратұлы, аймақтың зиялы қауымы мен жергілікті тұрғындары және ақсақалдары  қатысты.

Құлшылық ордасының ашылу рәсімінде облыс бас имамы: «Мешіт – мейірімділік мекені, руханияттың ортасы. Қоғамды ізгілікке шақырып, ибалы болуға үйрететін мектеп.  Осы мешіттің бой көтеруіне атсалысқан, ұйытқы болған арда азаматтарға Алла разы болсын! Кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық тілеймін» дей келе, осы мешітті бастап, оны халықтың игілігіне берген азаматтарға ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады. 

Сондай-ақ жаңа мешіттің ашылу салтанатында мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақсақалдар сөз сөйлеп, бата берді.

Айта кетейік, Баймырза ауылында жаңадан ашылған мешітте 100 адам еркін ғибадатын өтей алады. Астана- Қарағанды тас жолында орналасқан мешіт намазхана залынан бөлек, имамдар бөлмесі және дәретханасымен қамтылған.

Ашылу салтанатынан кейін, жамағатпен бірге жұма намазы оқылып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды. Артынша жиналған жамағатқа қазақы киіз үйде дастархан жайылып, ас берілді. ⠀
 ⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары